жексенбі, 7 шілде, 2024 6:47

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда әуесқой футболшылар марапатталды

Таразда әуесқой футболшылар марапатталды
Сурет: jambylinfo.kz
Әуесқой футбол командалары арасында Тараз қаласы әкімінің Кубогы мәреге жетті

Тартысты дода апта сайын ойын кестесіне сәйкес демалыс күндері өтіп, 28 сәуірге дейін жалғасқан. Кеше, 28 сәуір күні бірнеше айға созылған жарыстың жеңіспаздары мен жүлдегерлері анықталды, деп хабарлайды jambylinfo.kz. 

Тараз қаласының әкімдігі мен Жамбыл облысының футбол федерациясы бірлесе ұйымдастырған жарысқа 300-ден астам адам, жалпы саны 12 команда қатысты.
Тараз қаласы әкімінің Кубогының иеленетін ең мықты әуесқой команданы анықтау үшін 20 матч өтті. Жарыс нәтижесі бойынша 1-орынды “Ұшқын” командасы жеңіп алды. Ал жүлделі 2-орынды – “Казфосфат” командасы еншілесе, 3-орын “Достар” командасына бұйырды. 

Сондай-ақ  “Үздік қақпашы” номинациясымен Хамитбеков Алмаз (“Ұшқын”),
“Үздік қорғаушы” номинациясымен Есенгелді Айдын (“Шайдана Алмас”),
“Үздік жартылай қорғаушы” номинациясымен Сабыр Мадияр (“Самғау”),
“Үздік ойыншы” номинациясымен Қалдыбеков Еламан (“Казфосфат”),
“Үздік сұрмерген” номинациясымен Андреев Денис (“Достар”),
“Үздік төреші” номинациясымен Байымбетов Сәкен марапатталды.

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар