бейсенбі, 25 желтоқсан, 2025 0:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тараздағы №58 мекемеде төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілді

Тараздағы №58 мекемеде төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілді
Фото - ашық дереккөз
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «№58 мекеме» республикалық мемлекеттік мекемесінде сотталғандар арасында төтенше жағдайлардың алдын алу, психологиялық тұрақтылықты нығайту және келеңсіз жағдайлардың алдын алу бағытында жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүзеге асырылды.

Аталған іс-шаралар мекеменің САТжӘПЖЖ бөлімінің психологтары тарапынан ұйымдастырылып, өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу, күйзеліс жағдайларын төмендету, сондай-ақ арнайы контингенттің жеке психикалық мінез-құлық ерекшеліктерін зерттеуге бағытталды. Сонымен қатар жанжалға бейімділік пен өзіне зиян келтіру қаупін ерте кезеңде анықтау мәселелеріне ерекше назар аударылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ағымдағы жылдың 24 желтоқсанында мекеме қызметкерлеріне арналған арнайы нұсқаулық өткізілді. Іс-шара барысында қызметкерлер төтенше жағдайлардың алдын алу алгоритмдерімен таныстырылып, «Өз-өзіне қол жұмсауға, өзіне дене жарақатын салуға және ас қабылдаудан бас тартуға бейім сотталғандармен жұмыс жасау жөніндегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің қызметкерлеріне арналған жаднама» таратылды.
Түзеу мекемесінде ұсталатын тұлғалармен жүргізілетін алдын алу жұмыстары психофизиологиялық ерекшеліктерді зерттеуді, сотталғандардың жеке істерін талдауды, олардың туған-туыстарымен байланысын бақылауды, сондай-ақ сотталғандар арасындағы өзара қарым-қатынасты жүйелі түрде зерделеуді қамтиды. Бұдан бөлек, сотталғандар мен олардың жақындарының өтініштері мен шағымдарына уақтылы ден қою, жеке психологиялық жұмыстар жүргізу, медициналық бақылауды қамтамасыз ету және жедел қызметкерлермен өзара іс-қимыл жасау шаралары жүзеге асырылады.
Сотталғандар тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ өзіне зиян келтіруге бейімділікті ерте анықтау мақсатында суицидтің алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралар кешені мекемеде тұрақты негізде жүргізілуде. Аталған жұмыстар сотталғандардың өмірі мен денсаулығын сақтау, қауіпсіз әрі тұрақты ахуалды қамтамасыз етуге бағытталған.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар