жексенбі, 6 қазан, 2024 0:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тараздағы ауыл шаруашылығы форумына Түркиядан жүзден аса делегат келді

Тараздағы ауыл шаруашылығы форумына Түркиядан жүзден аса делегат келді
Коллаж: jambylinfo.kz
Таразда «KazАgroZhambyl-2024» Халықаралық ауыл шаруашылығы форум-көрмесі өтіп жатыр. Форумның ашылуында сөз алған Түркия Респуликасы Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы вице-министрі Гизлигидер Эбубекир түркі халықтарының күші бірлікте екенін атап өтті, деп хабарлайды хабарлайды jambylinfo.kz

"Біздің күшіміз бірлікте. Сондықтан, арадағы кейбір мәселелерді шешіп, алдағы уақытта тек қоян -қолтық жұмыс істеуіміз қажет. Тек қана ауыл шаруашылығында ғана емес, саясатта, білімде мәдениет саласында табысты жұмыс істейміз деп сенім білдіремін. Сөзімді Қожа Ахмет Яссауйдің шәкірті Қажыбек Тәшкелидің  "бір боламыз, бірлігіміз мықты болсын!" деген сөзімен аяқтаймын",-деді Гизлигидер Эбубекир.  

Сонымен қатар, Түркия Респуликасы Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы вице-министрі Гизлигидер Эбубекир Қазақстанға Түркиядан 100-ден аса делегат келгенін атап өтті. 


Естеріңізге сала кетейік, Тараз қаласында өтіп жатқан форумға Қазақстан, Әзірбайжан, Өзбекстан ауыл шаруашылығы министрлері, Түркия, Қырғызстан вице-министрлері,  ТМҰ Бас хатшысы, Венгрияның Алматы қаласындағы бас консулы, сондай-ақ Қытай, Нидерланд, Ресей және 70-ден астам компания қатысуын растадыелдердің компанияларының өкілдері қатысып жатыр. 

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар