сәрсенбі, 11 наурыз, 2026 18:43

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған кабинет ашылды

Таразда құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған кабинет ашылды
Фото: Polisia.kz
Жоба Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің тапсырмасына сәйкес қолға алынған.

Тараз қаласында құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған жаңа профилактикалық кабинет іске қосылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz  Polisia.kz. сілтеме жасап 

Жаңа кабинет Тараз қалалық полиция басқармасына қарасты Әулие-ата аудандық полиция бөлімінде ашылып, «Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыру аясында жұмысын бастады. Жобаның негізгі мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын күшейту.

Кабинеттің ашылуына арналған кездесуге полиция департаментінің профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармасының қызметкерлері, аудан әкімдігінің өкілдері, сондай-ақ білім және денсаулық сақтау саласының мамандары қатысты. Кездесу барысында қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу және түрлі мекемелер арасындағы өзара іс-қимылды күшейту мәселелері сөз болды.

Мамандардың айтуынша, жаңа кабинет арқылы азаматтарға құқықтық, психологиялық және әлеуметтік бағытта кеңес беріліп, қажетті көмек көрсетіледі. Сонымен қатар бұл бастама тұрғындар мен полиция арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етпек.

— Бүгінгі таңда облыс бойынша полиция бөлімдерінде осындай 7 кабинет ашылды, жоспар бойынша тағы 6 кабинет ашылатын болады. Профилактикалық кабинет азаматтарға кеңес беріп, қажетті қолдау көрсетуге, сондай-ақ тұрғындар мен полиция арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді, — деп атап өтті ПД профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармасының бастығы Данияр Асылбеков.

Бөлісу:
Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар