Тараздағы мал базары ашылғаны рас па?
Тараздағы мал базары ашылғаны рас па?
"WhatsApp" әлеуметтік желісінде ертеңнен бастап Тараз қаласына кіреберістегі мал базары ашылады деген ақпарат тарауда. Осы орайда, аталған сауда орны аумағында орналасқан Жамбыл ауданының әкімдігі ресми хабарлама жасады. Онда аудан басшылығы Жамбыл облысы Бас санитарлық дәрігерінің 14.08.2020 жылғы "Жамбыл облысы аумағында шектеу іс-шараларын кезең-кезеңімен әлсірету туралы" №32 қаулысына сәйкес, аталған мал базарының жұмыс жасауына тыйым салынғанын жеткізді. Сол себепті өңір тұрғындарын жалған ақпаратқа сенбеуге шақырамыз!