дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 8:35

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тараздағы перзентханада жүкті әйел өз-өзіне қол жұмсап, қаза тапты

Тараздағы перзентханада жүкті әйел өз-өзіне қол жұмсап, қаза тапты
Фото - ашық дереккөзден
Жамбыл облысының 33 жастағы тұрғыны перзентханада суицид жасап, көз жұмды, – деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Оқиға Тараз қаласындағы Жамбыл облыстық перинаталдық орталығында 10 сәуір күні болған. Аяғы ауыр келіншек жүктіліктің он алтыншы аптасында өз-өзіне қол жұмсаған. Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің берген мәліметіне сүйенсек, сот-медициналық сараптамасы жүргізіліп жатыр.

«Жүкті әйел жалған толғақ диагнозымен бақылауында болды және тиісті ем алды. Жүкті жағдайда болған кезде психологиялық ауытқулар байқалмаған. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келді. Аталған фактіге байланысты құқық қорғау органдары 105-баптың 1-бөлігі, яғни, өзін-өзі өлтіруге итермелеу бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, сот-медициналық сараптамасы жүргізіліп жатыр. Ақпарат тергеу аяқталғаннан кейін жарияланады», – делінген баспасөз қызметі таратқан ресми ақпаратта.

Айта кетейік, марқұмның артында жолдасы және 3 баласы қалды. Балаларының үлкені 6 жаста болса, екеуі балабақшаға барады.
Полиция департаментінің мәліметінше, аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, жан-жақты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кешенді сараптама тағайындалған, оны Жамбыл облыстық сот сараптамасы институтының мамандары жүргізеді.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар