Жамбыл жаңалықтар
Тараздағы өрт: 5 адам құтқарылып, 25- і эвакуацияланды
- авторjambylinfo.kz
- 18 маусым, 2021
- 556
Тараздағы өрт: 5 адам құтқарылып, 25- і эвакуацияланды
Тараз қаласында болған өрттен бес адам құтқарылды.
19 сағат 41 минутта Тараз қаласында 9 шағынаудандағы бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабаттағы пәтердің бірі өртенген. Жалын 25 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт сөндірушілер төртінші қабаттағы пәтерден үш иінді саты көмегімен 5 адамды құтқарды. Олардың ішінде төртеуі бала. Сондай-ақ баспалдақ арқылы 25 адам, оның ішінде он бала қауіпсіз орынға көшірілді.
Өрт 20 сағат 5 минутта ауыздықталып, 20 сағат 7 минутта жойылған. Жедел жәрдем бригадасы өрт оқиғасы орнынан 6 адамды емдеу мекемесіне жеткізді. Олардың ішінде екі адам күйік алып, жансақтау бөліміне жатқызылды. Олар - 1949 және 1979 жылдары туған азаматтар. Ал өзгелері медициналық көмек көрсетілген соң үйлеріне қайтарылды. Тілсіз жауды ауыздықтауға Жамбыл облысы ТЖ департаментінен 30 өрт сөндіруші мен 7 техника жұмылдырылды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Биыл Жамбылда 461 түлек «Алтын белгі» иегері атанды
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Мәлік Отарбаев жамбылдық жастармен кездесті
- авторМағжан Орынбасар
- 5 желтоқсан, 2025
Жамбыл жаңалықтар
Шуда өткен турнирде жуалылық бүлдіршіндер жеңіс тұғырынан көрінді
- авторБақытжан Бекболат
- 5 желтоқсан, 2025






