Жамбыл жаңалықтар

Тараздағы Төле би даңғылымен жүретін автобустардың бағыты уақытша өзгереді

Бұл туралы Тараз қаласы әкімдігінің медиа орталығы мәлімдеді

Таразда жылу желілерін жөндеуге байланысты автобустардың бағыты уақытша өзгереді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Айта кетейік, бұған дейін хабарлағанымыздай, Тараз қаласы Сыпатай батыр көшесі, Төле би даңғылы, Қ.Тұрысов көшелеріндегі жылу желілері реконструкцияланады. Сондықтан, Төле би даңғылындағы қозғалыс түгел жабылады. Осыған байланысты, даңғыл арқылы жүретін 13 қоғамдық көлік бағытының жүру сызбасы уақытша өзгерген.