Жамбыл жаңалықтар

Тараздағы түрмеде сотталғандар санитарлық талапты сақтап жүр ме

Экология саласының мамандары сотталғандар жататын ғимаратты тексерді

Жамбыл облысы бойынша экология департаментінің қызметкерлері ҚАЖ департаментіне қарасты №58 РММ түзету мекемесінде профилактикалық шара өткізді,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

2025 жылдың 11 ақпанында өткен іс-шара барысында мекеме бастығы, әділет подполковнигі Р.Н. Жапаровтың жетекшілігімен жазасын өтеушілердің тұрмыстық жағдайы, жатын орындары мен жасақ ғимараттары тексерілді.

Экология департаментінің мамандары мекемеде тазалық нормаларының сақталуы, қалдықтарды залалсыздандыру, су ресурстарын үнемдеу мәселелеріне назар аударды. Сонымен қатар, мекеме қызметкерлеріне экологиялық қауіпсіздік талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Түзеу мекемесінің басшылығы жазасын өтеушілер арасында қоршаған ортаны қорғауға қатысты насихат жұмыстарын тұрақты түрде жүргізу қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, олардың экологиялық жауапкершілігін арттыру мақсатында еңбекпен қамту мәселесі қарастырылды.

Экология – қоғамның барлық саласы үшін маңызды. Жамбыл облысы бойынша экология департаменті мен ҚАЖ департаменті алдағы уақытта да бірлесіп жұмыс істеуді көздеп отыр. Мұндай шаралар түзету мекемелеріндегі санитарлық талаптардың сақталуына және экологиялық мәдениеттің қалыптасуына оң ықпалын тигізбек.