Жамбыл жаңалықтар
Тараздағы түрмеге “Қазпошта” желісі арқылы тыйым салынған заттар кіргізбек болған
- авторМағжан Орынбасар
- Бүгін, 11:21
- 110
Бұл бандерольді тексеру кезінде анықталды
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД-ның 58 мекемесінде сотталған азаматқа “Қазпошта” желісі арқылы жіберілген бандерольді тексеру барысында тыйым салынған заттар анықталып, тәркіленді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Тексеру кезінде 2 дана телефон қуаттағыш, 2 дана USB-шнур, 1 дана микрофлешка, 1 дана ақпарат сақтайтын флешка және автоқалам ретінде жасырылған бейнекамера табылған.
- Сәлемдемені жіберген азаматтың әрекетіне байланысты Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 481-бабының 1-тармағына сәйкес хаттама толтырылды. Қазіргі уақытта құқықбұзушының деректері толық жинақталып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде,- делінген хабарламада.