дүйсенбі, 9 маусым, 2025 19:09

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тараздағы түрмеге тұрғын есірткі алып кірмек болған

Тараздағы түрмеге тұрғын есірткі алып кірмек болған
Фото - ашық дереккөз
Тыйым салынған заттардың түзету мекемелеріне жеткізілуінің алдын алу бағытында жұмыстар жалғасуда

2025 жылғы 21 мамырда шамамен сағат 14:15-те Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №59 мекемесінде тыйым салынған затты жеткізу әрекетінің жолы кесілді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жамбыл облысы бойынша департаментінің 5-басқармасы мен ҚАЖД тексеру тобының қызметкерлері, сондай-ақ 5513 әскери бөлімінің әскери қызметшілері бірлесіп жүргізген жедел іс-шара барысында жазасын өтеп жатқан сотталған азамат А.-ға келген Тараз қаласының тұрғыны, 1998 жылы туған азаматша Н.-ның азық-түлік өнімдері тексерілді. Тексеру барысында қулықпен жасырылған целлофан пакет табылып, оның ішінен белгісіз ақ түсті ұнтақ тәріздес зат алынған.

Аталған факт тіркеуге алынып, Жамбыл облысының прокуратурасы мен ҚАЖД кезекші бөліміне дереу хабар берілді. Оқиға орнына Тараз қаласы Полиция басқармасының №1 жедел-тергеу тобы шақыртылып, затқа сот-химиялық сараптама тағайындалды. Сараптама нәтижесі бойынша 1,07 грамм A-PVP синтетикалық есірткі заты екені анықталды.

Тыйым салынған заттардың түзету мекемелеріне жеткізілуінің алдын алу бағытында жұмыстар жалғасуда.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар