бейсенбі, 2 сәуір, 2026 19:48

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тараздағы түзеу мекемесінен екі азамат бостандыққа шықты

Тараздағы түзеу мекемесінен екі азамат бостандыққа шықты
Фото - ашық дереккөз
Бұл туралы мекеменің баспасөз қызметі мәлім етті

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №58 мекемесінен шартты түрде мерзімінен бұрын 2 азамат бостандыққа шықты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

- Бостандыққа шыққан азаматтарға қоғамға қайта бейімделу, заң талаптарын сақтау және жаңа өмір бастау бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, оларға алдағы уақытта тұрақты жұмыс тауып, өмір жолын дұрыс қалыптастырудың маңыздылығы айтылды. Айта кетейік, мекеме тарапынан сотталғандарды түзету, олардың қоғамға қайта оралуына жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда, - делінген хабарламада. 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар