Жамбыл жаңалықтар

Тараздағы түзеу мекемесінде режим қызметінің құрылған күні атап өтілді

Кәсіби мерекеге орай, мекеме басшылығы қызметкерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады.

Тараздағы № 58 мекемесінде режим қызметінің құрылған күні атап өтілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Биыл түрмедегі  режим бөлімінің қызметкерлері мекеме аумағына тыйым салынған заттарды алып кіргізбекші болған 7 азаматты құрықтаған. Олардан 71 дана ұялы телефон, 82 дана кесіп-тесу құралдары, 0,5 литр спирттік ішімдік тәркіленген. Сондықтан тәртіп сақшыларының күнделікті жұмысы қатерге толы. Кәсіби мерекеге орай, мекеме басшылығы қызметкерлерді кәсіби мерекесімен құттықтап, ыстық лебізін білдірді.