Тараздағы түзеу мекемесінде сотталғандармен діни түсіндіру жұмыстары жүргізілді
- авторМағжан Орынбасар
- 14 сәуір, 2025
- 253

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №58 мекемесінде республикалық деңгейдегі діни өкілмен кездесу ұйымдастырылды,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Мекеменің жедел бөлімі теологиялық оңалту жұмыстарын жүргізу тобының аға жедел уәкілі, әділет лейтенанты Б.Бекмолдаевтың бастамасымен өткен бұл кездесуге «AQNIET» қоғамдық қорының Шымкент қаласы бойынша жетекшісі Дәлелхан Оспанов арнайы шақырылды.
Кездесу барысында дін маманы «Террористік, діни экстремистік және деструктивтік іс-әрекеттерге барудың қауіптілігін анықтау» тақырыбында түсіндіру жұмысын жүргізіп, радикалды ағымдардың қоғамға тигізер кері әсері мен діни алауыздықтың пайда болу себептерін кеңінен тарқатты. Ол сондай-ақ, деструктивті діни идеологияға қарсы тұрудың жолдарын айтып, зайырлы мемлекеттегі діни сауаттылықтың маңыздылығына тоқталды.
Сотталған азаматтар дін маманына көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, нақты әрі толыққанды жауаптар алды. Мұндай кездесулердің негізгі мақсаты – жазасын өтеушілер арасында діни сауаттылықты арттыру және экстремизмнің алдын алу.
Өскемен тұрғыны 7 адамның атына несие рәсімдеген
Ұқсас жаңалықтар
Тараз жастар театры «Ләйлі-Мәжнүн» қойылымын сахналады
- авторБақытжан Бекболат
- 21 мамыр, 2025
Таразда суару жүйесі кезең-кезеңімен жаңартылуда
- авторБақытжан Бекболат
- 21 мамыр, 2025