Жамбыл жаңалықтар

Тараздағы түзеу мекемесіне зат лақтырмақ болған азамат ұсталды

Ол түрмеге есірткі кіргізбек болған

Тараздағы түзеу мекемесіне зат лақтырмақ болған азамат ұсталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Оқиға №25 түзеу мекемесінің аумағында болған. ҚР Ұлттық ұланы “Оңтүстік” өңірлік қолбасшылығы 5513 әскери бөлімінің сарбаздары түзеу мекемесінің аумағына таяған белгісіз ер адамның зат лақтырғанын көріп, жедел қимыл-қарекетке көшіп, нысанаға іліккен күдіктіні ұстаған. 
Белгілі болғандай, бөгде адам түрмеге есірткі өткізбек болған екен. Арам ойын іске асырмақ болған азаматты құрықтаған аға гранатаметшы А мен бөлімше мергені С жұмыс барысында қиындық туындамағанын айтты. 
Ендігі бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталған.