Жамбыл жаңалықтар

Тараздағы «Тектұрмас» кешені жан-жақты абаттандырылып жатыр

Мұнда тамшылатып суару жүйесі орнатылып жатыр

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Тараздағы тарихи нысанның бірі – Тектұрмас кешенінде туристерді тарту мақсатында абаттандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Бүгінгі күні «Тектұрмас» кешені аумағындағы «Көне қамал» нысаны салынып жатыр. Нысан 2026 жылы аяқталады деп жоспарланған. 

Кешенге жалпы 4500 қылқан жапырақты ағашты егу жоспарланып, оның 3500 егілген болатын. Бүгінгі күні егілген ағаштарды және егілетін көгалды автоматты түрде тамшылатып суару жүйесі қосылып жатыр. Қазір суару жүйесіне арналған 16 мың метр су құбырлары алынды.