жексенбі, 24 қараша, 2024 6:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тараздағы жол апаты: Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты

Тараздағы жол апаты: Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты
ашық дереккөзі
Тараздағы жол апаты: Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты
Дәрігерлер Таразда аялдамалардың бірінде болған жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты.
Дәрігерлердің айтуынша, 15 қыркүйекте сағат 7.00 шамасында жедел жәрдем станциясына қоңырау түскен. Мыңбұлақ ықшамауданындағы апаттан зардап шеккендерге медициналық көмек қажет болған. «Барлығы төрт адам жарақат алды. Олардың біреуі реанимацияға жатқызылды, қажетті ем жүргізіліп жатыр. Оған ми шайқалуы, аяғының ортаңғы үштен бір бөлігінің жабық сынуы және оң жақтағы төртінші және бесінші саусақтардың ашық сынуы, бассүйек-церебральды жабық жарақаты диагнозы қойылған. Тағы бір адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Оның басы жараланып, миы шайқалған. Оған емханада амбулаторлық ем қабылдау ұсынылды», деді Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.
Бөлім мәліметінше, тағы екі әйел жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін қаза болған. Олардың жасы шамамен 40-45 және 60-65 жас аралығында.
Тараздағы жантүршігерлік жол апаты туралы бұған дейін жазған болатынбыз. Оқиға 15 қыркүйек сағат 7:20-да болған. С. Сейфуллин көшесінен Б. Момышұлы көшесіне бара жатқан Hyundai маркалы автокөлік жүргізушісі төрт адамды қағып кеткен.
 
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар