Жамбыл жаңалықтар

Таразда  Ғылым академиясы Президиумының көшпелі отырысы өтеді

Отырыста Қазақстан ғылымының өзекті мәселелері талқыланбақ

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттіки өңірлік университетінде ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы Президиумының «Қуатты өңірлік ғылым - қуатты өңір» тақырыбындағы көшпелі отырысы өтеді, деп хабарлайды jambylinfo kz.

Оның жұмысына Ұлттық ғылым академиясының Басқарма Президенті Ақылбек Күрішбаев, Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев және белгілі ғалымдар қатысады деп жоспарланған.

Көшпелі отырыс барысында  қатысушылар түрлі тақырыпта баяндама жасап, ғылым саласындағы өзекті мәселелерді талқылайды.

Сондай-ақ, алқалы жиынға қатысушылар ғылыми- инновациялық көрмені тамашалайды.