бейсенбі, 13 наурыз, 2025 20:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда жүргізуші куәлігін заңсыз сатқан 7 адам сотталды

Таразда жүргізуші куәлігін заңсыз сатқан 7 адам сотталды
Фото - ашық дереккөз
Бұл туралы прокуратура мәлім етті

Тараз қаласында жүргізуші куәліктерін заңсыз сатқан 7 тұлға сотталды,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz

2023 жылдың қыркүйегінде облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында Тараз қалалық мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында (МХҚКО) жүргізуші куәлігін заңсыз сатқан адамдар тобын әшкерелеген.

МХҚКО-ның 2 қызметкері, 1 программист маман, 4 делдал алдын ала сөз байласу арқылы ақша қаражатына Жамбыл, Түркістан және Алматы облысының 21 тұрғынына заңсыз жүргізуші куәліктерін жасаған.

Аталған азаматтар бұрын емтихан тапсыра алмай, көлік жүргізу құқығын алмаған.

- Атап айтқанда, Тараз қалалық МХҚКО-ның қызметкері өзінің сыбайласы болып табылатын Алматы қалалық МХҚКО-ның программист-маманы арқылы Түркістан облысының тұрғынын практикалық емтихан тапсырмағанына қарамастан, емтиханнан сәтті өткенін ақпараттық жүйемен растаған. Ал ақша қаражаттары емтихан тапсырушылардан 100 мыңнан 200 мың теңгеге дейінгі көлемде түрлі облыстардың делдардары арқылы Тараз қалалық МХҚКО-ның қызметкеріне жиналып, араларында өзара бөлінген,- делінген хабарламада.

Осы тектес қылмыстық схема 20 азаматқа қатысты орын алған.

- 27.02.2025 жылы Тараз қалалық №2 сотымен МХҚКО-да заңсыз жүргізуші куәлігін сатқан адамдар тобына қатысты айыптау үкімі шықты. Сот үкімімен кінәлі тұлғаларға 3,6 жылмен 4,6 жыл аралығында бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, шартты деп танылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ,- делінген прокуратураның ақпаратында.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар