сенбі, 5 қазан, 2024 20:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда жалған полицей ұсталды

Таразда жалған полицей ұсталды
ашық дереккөзі
Таразда жалған полицей ұсталды
Таразда жалған полицей ұсталды Құқық бұзушы ағымдағы жылдың 30 мамырында ұсталды. Тұрар Рысқұлов атындағы саябақтың аумағын патрульдеу кезінде Тараз қаласының Полиция басқармасы 1- полиция бөлімінің қызметкерлері полиция формасындағы күдікті жас жігітті байқады.Саябақта серуендеп жүрген жігіт полиция қызметкерлерін көріп сасып қалған. Тексеру барысында тәртіп сақшылары жалған полицейдің 19 жаста екенін және оның Түркістан облысының тұрғыны екенін анықтады. Ұсталған азаматтың осындай қылмысы үшін 2022 жылдың сәуір айында Шымкент қаласында сотты болғаны белгілі болды.Ол кезде жас жігіт ТЖД қызметкерінің нысанды киімін киген екен. Оның мұндай қадамға қандай мақсатпен барғанын тергеу анықтайтын болады. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 390-бабының 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Осы баптың санкциясы сексен айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары не сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту немесе жиырма тәулікке дейінгі мерзімге қамау түріндегі жазаны көздейді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар