Жамбыл жаңалықтар
Таразда жалған ПТР анықтама жасап сатқан емхана медқызметкері ұсталды
- авторjambylinfo.kz
- 27 шілде, 2021
- 171
Таразда жалған ПТР анықтама жасап сатқан емхана медқызметкері ұсталды
Таразда ПТР тест анықтамасын қолдан жасаған медқызметкер ұсталды.
Түркістан облысында вакцина алмаған қызметкерлерін ПТР-тестіден өткізуге міндетті ұйымдардың тізімі жарияланды ІІМ: Вакцинадан қашқандар алаяқтарға жем бола бастады Жалған вакцинация паспортын пайдаланғандар қандай жазаға тартылады Алматыда қай емханалар жалған вакцина паспортын қолдан жасап, сатып келген Жамбыл облысының полиция департаменті ПТР тест пен вакцинация паспортын қолдан жасағандарды анықтау мақсатында іс-шаралар кешенін жүргізіп жатыр. Соның аясында ПТР тестің теріс нәтижесі бар анықтаманы қолдан жасаған емхана қызметкері ұсталды.
Бүгінгі таңда Қылмыстық кодекстің 385-бабы 1-бөлімі бойынша тергеу жүріп жатыр. 26 жастағы медқызметкер жалған құжат жасағаны үшін ақша алмағанын және бұл жағдай бірінші мәрте болып отырғанын мәлімдеді. Оның сөзінің рас-өтірігі тергеу кезінде анықталады. Ал осы анықтаманы қолданған 47 жастағы әйелдің үстінен ҚК 385-бабы 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Еске сала кетейік, Қазақстанда жалған құжат жасағандарға - 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал оны қолданғандарға - 40 тәулікке дейін қамау жазасы қарастырылған.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала