Жамбыл жаңалықтар
Таразда жазасын өтеген Шри-Ланканың 3 азаматы өз еліне қайтарылды
- авторjambylinfo.kz
- 31 наурыз, 2023
- 189
Таразда жазасын өтеген Шри-Ланканың 3 азаматы өз еліне қайтарылды
Елімізде қолданыстағы заңға сәйкес шекараны заңсыз кесіп өтетіндерге ең қатал жаза қолданылатыны белгілі. Яғни, мұндай заң бұзушылыққа барғандар сот үкімімен бас бостандығынан айырылады. Алайда, заңды белшесінен басқысы келетіндердің қатары әлі күнге азаймай тұр.
Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде жазасын өтеген Шри-Ланка мемлекетінің 3 азаматы осындай іс-әрекетке барғаны үшін айыпты деп танылған. Нақтылай түссек, оңтүстік Азиядағы аралды елдің азаматтары тәуелсіз Қазақстанның шекарасын заңсыз кесіп өтпек болғанда қолға түскен. Енді олар жаза мерзімінің аяқталуына байланысты еркіндікке жолдама алып отыр. Өзге елдің азаматтарын депортациялау жұмыстары бұдан әрі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдеріне жүктелетін болады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Қазақстанда сәуір айынан бастап не өзгереді
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда облыс әкімінің мерекелік шыршасы өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 25 желтоқсан, 2024