жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 18:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда жеңіл көлік жүргізуші төрт адамды қағып кетті, екеуі көз жұмды

Таразда жеңіл көлік жүргізуші төрт адамды қағып кетті, екеуі көз жұмды
ашық дереккөзі
Таразда жеңіл көлік жүргізуші төрт адамды қағып кетті, екеуі көз жұмды
Тараз қаласында автокөлік жүргізушісі аялдама маңында тұрған төрт адамды қағып кетті. Бүгін Тараз қаласында С. Сейфуллин көшесінен Б. Момышұлы көшесіне бара жатқан Hyundai маркалы автокөлік жүргізушісі төрт жаяу жүргіншіні қағып кетті. Оқиға орнында екі адам қаза тауып, екі адам Тараз қаласының №1 ауруханасына жеткізілді. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. «Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полиция қызметкерлері жоғарыда аталған көлік жүргізушісі 23 жастағы Тараз қаласының тұрғынын анықтап, ұстады», - делінген ведомство хабарламасында. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бірқатар тиісті сараптама тағайындалған.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар