Таразда жер комитетінің «жалған» қызметкері ұсталды
Таразда жер комитетінің «жалған» қызметкері ұсталды
Тараз қаласы Полиция басқармасының 1-ші полиция бөліміне облыс орталығының бірнеше тұрғыны шағымданды. Олардың айтуынша, облыстық жер комитетінің қызметкері ретінде өзін таныстырған адам Тараз қаласының шағын аудандарының бірінен жер учаскесі мен пәтер алуға жәрдемдесуге уәде берген. Тұрғындарға қызметінің қажеттілігін білген ол, сенімдеріне кіріп 10 000 000 және 920 000 теңге көлеміндегі ақшасын иемденіп, кейін байланысқа шықпаған. Осы деректерге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері 38 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Тергеу барысында ұсталған адамның мұндай ұйымдарға ешқандай қатысы жоқ екендігі анықталды, ал жәбірленушілермен кездескенде ол өзін басқа есіммен таныстырған. Күдікті кінәсын мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазіргі уақытта оның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Жамбыл облысының Полиция департаменті тұрғындардан бейтаныс адамдармен ірі сомаға мәмілелер жасауда өте қырағы және сақ болуды ескертеді. Егер, Сіз осындай қылмыстың құрбаны болсаңыз, дер кезінде полиция бөліміне хабарласуыңызды сұрайды.