Таразда жол ережесін өрескел бұзған әйел жауапқа тартылды
Ол көшеде нөмірсіз көлік мініп, қауіпті маневр жасаған
Таразда жол ережесін өрескел бұзған әйелге үш әкімшілік хаттама толтырылды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Облыстық ПД дерегінше, Таразда аумақты патрульдеу кезінде таңғы сағат 6:00-де патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін BMW маркалы машинаны тоқтатқан.
Облыс орталығының 29 жастағы тұрғыны мемлекеттік нөмірі жоқ көлікті тізгіндеп, маневр жасау ережелерін бұзған.