сейсенбі, 7 сәуір, 2026 21:10

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда жылқы мінген 7 жастағы баланы көлік қағып кетті

Таразда жылқы мінген 7 жастағы баланы көлік қағып кетті
Видеодан скрин жасалды
Оқиға Тараз қаласындағы көшелердің бірінде болған.

Алған қатты соққыдан жануар сол жерде жан тапсырған. Ал бала дереу ауруханаға жеткізіліп, оған шұғыл операция жасалған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Куәгерлердің айтуынша, ат белгісіз себептен үркіп кеткен.

– Ересектердің баланы бақыламағаны анықталды. Сондықтан, ата-аналар кәмелетке толмаған баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін жауапкершілікке тартылды, – делінген Жамбыл облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Сонымен қатар, баланың «Toyota» маркалы автокөліктің артқы бөлігіне соғылғаны белгілі болды.

Жарақат алған шабандоздың бас сүйегі сынған, иығы шығып кеткен. Қазіргі уақытта ол медициналық мекемеде ем қабылдап жатыр.

Полиция өкілдері ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне бейжай қарамауға шақырып, бұл бағытта заң аясында жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар