Таразда жылу беретін мекеме ардагерлерді ақы төлеуден босатты
Таразда жылу беретін мекеме ардагерлерді ақы төлеуден босатты
деп хабарлайды zakon.kz. Жалпы қала тұрғындары жаз айларында ыстық сусыз отыратыны ешкімге жаңалық емес. Оның себебі мен салдарын түрлі әкімдер түрлі уәде беріп шешпей кететін. Бұл мәселенің шарықтау шегі былтыр болды - қаланың барлық көшелерін қазып, құбырлан алты айы бойы ауыстырмай елдің мазасын қашырған еді. "Таразэнергоорталық" АҚ Тараз қаласына басты жылу мен ыстық судың жеткізуші, бұл ұйым облыс орталығындағы көп қабатты тұрғын үйлердің 70 пайызын жылумен қамтамасыз етеді. Осы басқарманың басшысы Бақберген Мәуленов қазіргі таңда қандай жұмыстар істелініп жатқаны туралы айтып берді.
Айта кетейік, биыл мамырда Жамбыл облысында "Біз біргеміз" Республикалық акциясы аясында "Таразэнергоорталық" акционерлік қоғамының ұжымы Тараз қаласындағы жалғыз басты қариялар мен көп балалы және аз қамтылған отбасыларына, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек қолын созды. Шара барысында 350 отбасына күнделікті тұрмыстық заттар мен азық-түлік салынған қораптар таратқан еді.