Жамбыл жаңалықтар

Таразда жындыханадан қашқан науқас автобус жүргізушісін қанжоса етті

Қауіпті тұлғаның ұсталған ұсталмағаны әлі белгісіз

Журналист Нұрадин Рақай жақын арада жындыханадан қашқан науқас автобус жүргізушісіне шабуылдап, жарақат салғанын жазды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Журналистің дерегінше, диспансерден екі адам қашқан. Біреуі ұсталғанымен, екіншісі жайлы әлі хабар-ошар жоқ. Бірақ қала тұрғындары белгісіз ер адамның автобус жүргізушісін пышақтағанын көрген.