жұма, 12 желтоқсан, 2025 15:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда зорлық-зомбылықты алдын алуға бағытталған дөңгелек үстел өтті

Таразда зорлық-зомбылықты алдын алуға бағытталған дөңгелек үстел өтті
Фото - ашық дереккөз
Шара қоғамдағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және жастар арасында қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.

Д.А. Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Заң және тәртіп» қағидасы аясында «Зорлықсыз орта – бақытты бала» атты білім беру бағытындағы кездесу-сұхбат өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Кездесуге «Жастар ресурстық орталығы» КММ директорының орынбасары  Медеу Мырзатай Жаналыұлы мен психолог Шолпан Алибаева қатысып, зорлық-зомбылықтың психологиялық әсері, өзін қорғау жолдары және қажет кезде көмек сұраудың маңызды арналарын түсіндірді.

Жас қатысушылар мамандармен еркін пікір алмасып, өз сұрақтарын жолдап, тәжірибелік кеңестер алды. Іс-шара соңында кітапхана қызметкерлері тақырыпқа қатысты әдебиеттер таныстырып, қоғамда зорлықсыз орта құрудың әр азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтті.

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар