Тараздық 2 азаматтан героин табылды
Жамбыл облысында қалтасына героин с жүрген азаматтар ұсталды.
Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде Тараз қаласында 48 және 52 жастағы жергілікті тұрғындар ұсталды.
Олардан жалпы салмағы 2 грамнан асатын «героин» есірткі заты табылып, тәркіленді. «Ұсталған азаматтар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау) және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 3-бөлігі (ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды»,-делінген облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала