Тараздық 3 тұрғынды алдап соққан Ресей азаматы шекарада ұсталды
Алаяқ оларға несие рәсімдеп, қомақты қаржыны қалтаға басқан
Таразда жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері қаланың 3 сенімді азаматтарын интернет байланысы арқылы алдаған Ресей Федерациясының "Р" есімді азаматын ұстады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жоғарыда аталған азамат биылғы жылдың сәуір-мамыр айлары аралығында өз сыбайластарымен бірге азаматтардың сеніміне кіріп, әртүрлі нөмірлерден қоңырау шалып, "Екінші деңгейдегі банктердің қауіпсіздік қызметінің жұмыскерлері" және "құқық қорғау органдарының қызметкерлері" ретінде таныстырып, алаяқтар азаматтардың атынан несие алмақшы екенін айтқан. Осы схеманы пайдалана отырып, алаяқтар «WhatsApp» әлеуметтік желісінің бейнебайланысы арқылы алаяқтық жолмен несие ресімдеп, жәбірленушілердің 19 миллион теңгесін иемденген.