Бұл ауа райының қолайсыздығынан туған қажеттілік
Тараздық оқушылар онлайн сабақ оқуға көшті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Деректерге сай, шаһардағы жалпы орта білім беретін мекемелердің 2-ші ауысымда оқитын оқушылары үшін сабақ онлайн режіміне ауыстырылған.
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 42 «Қолайсыз ауа-райы жағдайларында орта білім беру ұйымдарында, сондай-ақ, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында сабақтарды тоқтату қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы негізінде және қолайсыз ауа-райы жағдайында оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментінің 20.01.2025 жылғы № 10-ТЛГ ескерту хатына сәйкес 2025 жылдың 22 қаңтар күні Тараз қаласындағы жалпы орта білім беретін мекемелердің 2-ші ауысымда оқитын оқушылары үшін сабақ онлайн режіміне ауыстырылатындығы туралы хабарланады. Ата-аналардың жұмыста екенін ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымдар штаттық режимде жұмыс істейтіндіктен баланың балабақшаға бару құқығы ата-аналардың таңдауы мен қалауына байланысты ұйымдастырылады,- делінген Тараз қаласының білім бөлімінің хабарламасында.