Тараздық полицейлер қарақшыны ұстады
Тараз қаласының полициясына жергілікті тұрғын 21 қараша күні сағат 12-лер шамасында белгісіз ер адам үйіне заңсыз кіріп, күш қолдану арқылы 900.000 теңгесін және 140 долларын ұрлап кеткендігін айтып шағымданған.
Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Тараз қаласының Полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері Тұрар Рысқұлов ауданының 39 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ұсталған азамат кінәсін толық мойындады.
Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Аталған қылмысты жасағаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Ресей шахтасындағы жарылыс: Аман қалған ешкім жоқ
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда 8 мәдениет нысаны ел игілігіне беріледі
- авторМағжан Орынбасар
- 14 қараша, 2024