Жамбыл жаңалықтар

Тараздық полицейлер автокөліктерге ұрлыққа түскен күдіктілерді ұстады

Тараздық полицейлер автокөліктерге ұрлыққа түскен күдіктілерді ұстады

Тараз қаласының Полиция басқармасына 21 жастағы қала тұрғыны хабарласып, мөлтек аудандардың бірінде үйдің алдында тұрған «Mazda» маркалы автокөлігінің аккумуляторы мен көлік ішіндегі құрал-саймандарын белгісіз адамдардың ұрлап кеткені туралы арыз жазды. Келтірілген шығын 75 мың теңгені құраған. Полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында екі қала тұрғыны анықталып, ұсталды. 30 жастағы достардың айтуынша, олар қылмыстық әрекетке бірлесіп оңай ақша табу үшін барғандығын мойындады. Олар ұрлаған көлік бөлшектерін сатып, ақшаны өз керектеріне жаратып отырған. Күдіктілер өз кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазіргі уақытта олардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарғы қатыстылығы тексерілуде. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) тергеу амалдары жүргізілуде. Құрметті қала тұрғындары! Ұрлықтың алдын алу үшін өз автокөліктеріңізді арнайы тұраққа немесе жарық және бейнебақылау жүйелері орналасқан жерлерге қоюларыңызды ескертеміз!