Таразды шаңды дауыл басты
Таразды шаңды дауыл басты
Жамбыл облысындағы қатты дауыл қалалық инфрақұрылымға айтарлықтай шығын келтірді Тараз қаласында нысандардың жартысынан көбі электр жарығынан ажыратылды, электр тасымалдау желілері істен шыққан, көптеген шатырлар жұлынды, ағаштар құлап, автомобильдер бүлінген. Кеше кешке желдің секундына 30 метр жылдамдықпен соғатыны туралы ескерту жарияланған. Әлеуметтік желілерде Тараздағы 47-ші мектептің қасында оқушылардың үстіне ағаш құлағаны туралы хабарланды. Оқушылардың ата-аналары балаларды үйге алып кетуге кеңес береді. Жамбыл облысының полиция департаментінде жүргізушілерден мүмкіндігінше үйде қалуын сұрайды. «Жамбыл облысының аумағында жел екпінің 30 м/с дейін күшеюіне байланысты көлік жүргізу қауіпті, жүргізушілерге қырағы әрі мұқият болу қажет. Жолдардағы қауіпсіздік үшін алыс сапарларға шықпас бұрын, ауа райы жағдайын ескеріп, құтқару қызметінің ескертулеріне көңіл бөлу керек. Ауа райы нашарлаған жағдайда елді мекендерден шықпай, қажеттілік туындаса, көліктің баламалы түрін пайдаланған жөн», - делінген ведомствоның хабарламасында. Жамбыл облысының ТЖД-да әзірге қандай да бір ақпарат беруден бас тартты.