жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:02

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тараздықтар қала күнін қалай атап өтті

Тараздықтар қала күнін қалай атап өтті
Фото: Алтынбек Қартабай
Жалпы, Тараз қаласы күні биыл да жұрт жадында ұзақ сақталатын мерекелік сәттерге толы болды.

Биылғы Тараз қаласы күні айрықша сән-салтанатпен атап өтілді. Ежелгі тарихтың ізі сайрап жатқан көне шаһар бұл күні құлпырып, айрықша ажарға бөленді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Қаланың басты көшесі мен орталық алаңы мерекеге орай безендіріліп, әрбір тұрғын мен қонақты ортақ қуанышқа шақырып тұрғандай әсер қалдырды.

Негізгі мерекелік шара орталық «Достық» алаңында өтті. Мұнда жиналған қала тұрғындары мен қонақтар мерекелік көңіл-күйді бірге бөлісті. Салтанатты жиынға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев бастаған мәртебелі меймандар қатысты. Олар тараздықтарды қала күнімен құттықтап, ыстық лебіздерін білдірді.

Алаңда өткен «Сүйікті қалам, Тараз» атты үлкен мерекелік концерт аясында «Welcome to Taraz» мюзиклі көпшілік назарына ұсынылды. Сондай-ақ, ұлттық өнерді дәріптеп жүрген «Номад» тобы, «Құлансаз» ансамблі, «Алатау әуендері» ұжымдары көпшілікке көтеріңкі көңіл сыйлады. Эстрада жұлдыздары Әмре мен Ғазизхан Шекербек таусылмас қошеметке бөленіп, әсем әндерімен мерекенің сәнін арттырды.

Жалпы, Тараз қаласы күні биыл да жұрт жадында ұзақ сақталатын мерекелік сәттерге толы болды. Әсем ән мен күй, шаттық пен көтеріңкі көңіл, бірлік пен береке мерекенің басты айшықтарына айналды.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар