Тараздықтар ауладағы абаттандыру жұмыстарына неге наразы?
Тараздықтар ауладағы абаттандыру жұмыстарына неге наразы?
"Жамбыл – адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің қызметкерлері Тараз қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру жұмыстарын назарда ұстауда. Осыған орай, облыс орталығындағы "Жансая" (11) мөлтек ауданы №25 және 27 үйлердің ауласында жүргізіліп жатқан жұмыстарға зерделеу жүргізілді, – деп хабарлайды "Jambylinfo" ақпарат агенттігі.
Тараз қаласы әкімдігі тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің тапсырысымен жүзеге асып жатқан жұмысты мердігер – "Ерк Астана" ЖШС жүргізуде. Қос үйдің ауласын абаттандыруға жалпы сомасы 11,3 миллион теңге бөлінген.
Жобалық кеңсе өкілдері хабарлағандай, тұрғындар ауладағы жұмыстардың баяу жасалып жатқандығына наразылық танытып отыр екен. Өйткені, әзірге тек бордюрлар ғана ауысқан.