жексенбі, 7 шілде, 2024 6:59

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тараздықтар Жанат Сүлейменовке алғыстарын айтты

Тараздықтар Жанат Сүлейменовке алғыстарын айтты
ашық дереккөзі
Тараздықтар Жанат Сүлейменовке алғыстарын айтты
Тараз тұрғыны полицейлерге алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz. Өзінің бейнежазбасында ер адам Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменовке және полиция қызметкерлеріне Жұмаділов көшесінің бойында жасанды кедіргілер орнатқаны үшін алғыс білдірді. Көп балалы әке, Төрткөл массивінің тұрғыны Жанат Сүлейменовтің қабылдауында болып, балалардың қауіпсіз жүріп-тұруы үшін Жұмаділов көшесі бойында қажетті жасанды кедергілер орнату өтінішімен жүгінген болатын. Бұл көшеде бірнеше көпбалалы отбасы тұратыны, ал көлік ағыны көп болғандықтан, онымен жүру қауіпті болып отырғаны кездесу барысында сөз болды. Өтініш білдіргеннен кейін, екі тәулік өткен соң Жамбыл облысының Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлерімен жасанды кедергілер орнатылды. Ер адамның айтуынша, осы жасанды кедергіні орнату аталған көшенің барлық тұрғындарының өзекті мәселесін шешуге көмектесті. – Біздің өтінішімізді қабылдап, шұғыл әрекет еткендеріңіз үшін көп рахмет. Қоғамдық диалогты жүзеге асырып, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аударатын, көпке игілікті ісімен үлгі болатын ынталы адамдардың көп болғанына өте қуаныштымыз, – деді Тараз қаласының тұрғыны.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар