Тараз қаласында сенбі сайын ұйымдастырылатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жәрмеңкесі осымен екінші мәрте «Grand bazar» сауда орталығының ғимаратында өтті. Жаңадан салынған нысан іші тап-таза, жылы әрі тұрғындардың сауда жасауына өте ыңғайлы. Осы жолы жәрмекекеге Тараз қаласы мен Меркі, Шу аудандарындағы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер мен «Өңірлік тұрақтандыру қорының» тауарлары әкелінді.
Мұндағы сауда қатарларына бұл жолы құны 16,7 миллион теңгені құрайтын 66 тонна тауар түрі қойылды. Онда 1 келі жылқы еті 1950 теңгеден өткерілсе, оның жаясының құны 2100, қазысы 2300, ал қартасы 1000 теңгеден сатылды. Қой етінің келісі 1800 теңге болса, сиыр еті қой етіне қарағанда бар-жоғы 50 теңгеге ғана қымбат саудаланды. 1 литр сүт пен айран 230-240 теңгеге аралығында болса, сарымсақтың келісі – 130, қырыққабат – 80, картоп пен сәбіз – 90, пияздың бір келісі 60 теңгеден сатылды. Құмшекердің келісі 190 теңге болса, күнбағыс майының 1 литрі 520, макорон өнімдері 200 теңгеден өткерілді.
Облыс әкімінің орынбасары Берік Нығмашев сауда қатарларын тегіс аралап көріп, өз өнімдерін әкелген шаруа қожалық иелері және қала тұрғындарымен де тілдесті. Тауарлардың нарыққа қарағанда әлде қайда төмен бағада ұсынылу мәнісін өнімнің кәсіпорындар мен шаруа қожалықтардан делдалсыз тікелей жеткізілуімен және саудагердің орын үшін ешқандай ақы төлемейтіндігімен байланыстырды.
Жәрмеңкегеде жұрт ет, сүт өнімдерімен қатар картопты да көптеп алып жатты. Сауда қатарының біріне қойылған сиыр еті мен қой тушалары Шу ауданы «Нұрым» шаруа қожалығына тиесілі өнім екенін сатушы Гүлбайра Көптикавамен тілдесу барысында білдік. Ол жай уақытта сиырдың сан етінің 1 келісін 2250 теңгеден сататынын айтты.
Меркілік «Иваников» жеке кәсіпкерлігінің иесі Андрей Иваников меркі ауданына тиесілі 200 келі, Қордай ауданынан 150 келі бал арасы өнімін әкеліпті. 7 түрлі бал өнімінің бір келсісі 1500-3000 теңге аралығында. Өңірлік тұрақтандыру қорына тиесілі мұнда 3 тонна кртоп, осыншама көлемде пияз, 2 тонна сәбіз жеткізілген.
Жалпы аталған жәрмеңкеде 6 мың дана жұмыртқа, 500 литр өсімдік майы, 2,5 тонна сары май, 500 келі қарақұмық, осыншама салмақта тұз, 300 келі балық, 3,9 тонна ет, 500 келі шұжық, 2,7 тонна сүт, 200 келі кондитер, 1,7 тонна макарон, 42 тоннаға жуық көкөніс, жеміс-жидек өнімдері сатылды.
Нұрым Сырғабаев
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Жәрмеңке тараздықтарға тиімді болып тұр
Ұқсас жаңалықтар
Қордай ауданы мешіт салу бойынша көш бастап тұр
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024