Жамбыл жаңалықтар

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы: Жамбыл облысында тазалық жұмыстары кең көлемде жүргізілді

The final spritzer

Шараға қатысушылар тұрғындарымен бірге аулаға тазалық жұмыстарын жүргізді

Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы өткізілуде. Акцияға облыс тұрғындары, барлық мемлекеттік мекемелер, оның ішінде әлеуметтік сала, құқық қорғау органдары, кәсіпкерлік, туристік мекемелер, ірі сауда орындары мен мейрамхана иелері атсалысуда, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Бүгін облыс жастары Тараз қаласы Әулиеата ауданы 9 шағын ауданда «Таза аула» экологиялық акциясын ұйымдастырды. Шараға қатысушылар тұрғындарымен бірге аулаға тазалық жұмыстарын жүргізді.

Осындай бағыттағы іс-шаралар облыстың барлық аудандарында да өткізілді.

Атап айтқанда, Байзақ ауданы Сарыкемер ауылында Суханбаев атындағы саябақта, Қордай ауданы Қордай ауылында Жасыл саябағында, Меркі ауданында «Меркі» тау шатқалында, Т. Рысқұлов ауданы Құлан ауылында «Жеңіс» саябағында тазалық жұмыстары жүргізілді.

Облыс көлемінде іске асып жатқан көктемгі абаттандыру және санитарлық тазалық айлығы аясында «TazaLike», «Таза аула», «Таза қала»  «Үлгілі аула» конкурстары өткізілуде.

Жамбыл облысында тұрғындардың тазалық жөнінде жергілікті атқарушы органдарға «Таза Қазақстан» акциясының ақпараттық сервисі арқылы телеграмм-ботпен өтінім беруге мүмкіндігі бар. Телеграмм-бот ашылғалы бері жалпы 542 өтінім түскен. Жыл басынан бері акция аясында 803,8 шақырым каналдар мен арық жүйелері, 79,2 мың тұрғын үй аулалары мен 2,7 мың  шақырым көшелер тазаланып, 6,1 мыңнан тоннадан аса қоқыс шығарылды. 286,9 мыңға жуық ағаш отырғызылып, 641,1 мың шаршы метр саябақ пен сквер аумақтары тазартылды.

 

Жания Абил 
М.Х Дулати атындағы Тараз университетінің 
«Журналистика және филология кафедрасы» 3- курс студенті