«Таза Қазақстан»: Таразда «Таза Тараз - таза қала» атты жастармен кездесу өтті
Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жүйелі түрде жалғасуда.
2026 жылғы 19 қаңтарда Тараз қаласындағы «125 High School» мектебінде «Таза Тараз – таза қала» тақырыбында жастармен кездесу өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Кездесу барысында экологиялық акцияның маңыздылығы кеңінен түсіндіріліп, қоршаған ортаны қорғауда жастардың рөлі ерекше екенін атап өтті.
Айта кету керек, осындай бағыттағы іс-шаралар облыстың өзге аудандарында да өткізілді. Атап айтқанда, Шу ауданында «Таза орта – жарқын болашақтың кепілі» атты акция ұйымдастырылса, Байзақ ауданында «Біздің өлке» экологиялық шарасы өтті. Ал Талас ауданында «Жасыл ел – жастардың таңдауы» тақырыбында жастармен кездесу өткізілді.
Сонымен қатар, Жамбыл облысында тұрғындар тазалық мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдарға «Таза Қазақстан» акциясының ақпараттық сервисі – Telegram-бот арқылы өтінім жолдай алады. Жыл басынан бері аталған платформа арқылы 900 өтінім тіркелген. Өтінімдердің басым бөлігі аумақтарды күл-қоқыстан тазалау, көшелерге асфальт төсеу және жолдарды тазалау мәселелеріне қатысты болған.
Жалпы, «Таза Қазақстан» акциясына 127,2 мың адам мен 3,4 мың кәсіпорын және мекеме қатысты. Акция аясында 60 тарихи-мәдени ескерткіш, 127,8 мың шаршы метр тұрғын үй аулалары, 3,1 шақырым көше жолдары, 858,8 шақырым арық жүйелері мен каналдар, сондай-ақ 81,6 мың шаршы метр саябақтар мен сквер аумақтары тазаланып, 19,2 мың тонна күл-қоқыс шығарылды.