«Таза Қазақстан»: Жамбылда тарихи орын қоқыстан тазартылды
Сонымен қатар, жастар тау ішіндегі бұлақ көздерін ашты
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Байзақ ауданындағы Қамыстыбұлақ шатқалы мен Қарасай кешені қоқыстан тазартылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Игі шарада жамбылдық жастар қола дәуір мен ерте темір дәуіріне жататын петроглифтер орналасқан аумақта тазалық және абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, «Мөлдір бұлақ» акциясына үлес қосып, тау ішіндегі бұлақ көздерін ашты.
Қамыстыбұлақ шатқалы Қырғыз Алатауының теріскей бетінде орналасқан табиғи-тарихи кешен. Мұнда шамамен 1 шақырымға созылған жартастарда 50-ден астам петроглифтер анықталған.