Жамбыл жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: жамбылдық жастар көпбейінді балалар ауруханасының маңына экологиялық акция ұйымдастырды

Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында белсенді жастар облыстық көпбейінді балалар ауруханасының маңына экологиялық акция ұйымдастырды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Шараға қатысушылар аурхана айналасын қоқыстардан тазартып, тазалық жұмыстарын жүргізді.

Осындай бағыттағы іс-шаралар облыстың барлық аудандарында да өткізілді.

Атап айтқанда, Жуалы ауданы Б. Момышұлы ауылында Жастар аллеясында және Қордай ауданы Қордай ауылында Жібек жолы көшесінің бойында тазалық жұмыстары жүргізілсе, Жамбыл ауданы Аса ауылында Аса өзенінің бойы, Шу ауданында Шу өзенінің жағалауы қоқыстардан тазартылды.

Жамбыл облысында тұрғындардың тазалық жөнінде жергілікті атқарушы органдарға «Таза Қазақстан» акциясының ақпараттық сервисі арқылы телеграмм-ботпен өтінім беруге мүмкіндігі бар. Жыл басынан бері платформа арқылы 327 өтінім түскен. Телеграмм-ботқа түскен өтінімдердің басым көпшілігі аумақтарды күл-қоқыстан тазалауға қатысты болса, бірнеше өтінім көшелерге асфальт төсеу, жолдарды тазалауға қатысты.

Жалпы «Таза Қазақстан» акциясына 106 мың адам және 60 ірі кәсіпорындар мен 400 аса шағын кәсіпорындар қатысты.

Іс-шара аясында 30 тарихи-мәдени ескерткіштер, 79,2 мың тұрғын үй аулалары, 2,7 шақырым көше жолдары, 803,8 шақырым арық жүйелері мен каналдар және 641,1 мың шаршы метр саябақтар мен скверлердің аумақтарын тазалау, 6,1 мың тонна күл-қоқыс шығару жұмыстары жүргізілді.