«Таза бейсенбі»: Аманаттықтар Тараз – Аса арасындағы жолды тазартты

Экологиялық шараға 100-ге жуық жас атсалысты
«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының бастамасымен «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтуде. Бұл жолы эко-белсенділер Тараз-Аса аралығындағы күре жолдың бойын тазартты,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Осылайша, Байзақ аудандық филиалы челленджді Жамбыл ауданына жолдаған.
Енді бүгін Жамбыл ауданының жастары бұл бастамаға қолдау білдіріп, «Ас-Ер» мал базары мен Қостөбе ауылы аралығындағы облыстық мәндегі 5 шақырым күре жолда тазартты. Осылайша, 100-ге жуық аманаттық жол бойын тазартып қана қоймай, қураған тал-дарақтарды ретке келтірді.
Экологиялық шараға белсенді атсалысқан аудан жастары тазалық эстафетасын Жуалы ауданына жолдады.