Тазалық жұмыстары жүргізілді
Тазалық жұмыстары жүргізілді
ҚР Қылмыстық-атқару Кодексінің 121 бабына сәйкес, әр апта сайын жабық мекемелерде тазалық жұмыстары ұйымдастырылады. Бұл күні сотталған азаматтар мекеме аумағын тазалап, күл-қоқыстан арылтуға міндеттеледі. Дәл осындай жұмыстар №26 түзеу мекемесінде де жоспарға сай іске асып, көгалдандыру жұмыстары атқарылды. Әктеу-сырлау жұмыстарын жүргізген жазасын өтеушілер аумақты абаттандыруды да ұмытқан жоқ. Атап өтерлігі, мұндай ақысыз жұмыстарға мекемдегі сотталғанның азаматтың барлығы дерлік атсалысты.