Жамбыл жаңалықтар
Теолог қызметкерлердің діни біліктілігін арттыруға бағытталды
- авторjambylinfo.kz
- 24 тамыз, 2022
- 200
Теолог қызметкерлердің діни біліктілігін арттыруға бағытталды
Қазіргі таңда ҚАЖ мекемелерінде облыстық дін басқармасының ұйымдастыруымен «Түзеу мекемелеріндегі теолог қызметкерлердің діни біліктілігін арттыру» семинар-тренингтері тұрақты түрде өткізілуде. Ал жуырда облыс әкімдігі дін проблемаларын зерттеу орталығы басшысының орынбасары Баилхан Кулназаровтың жетекшілігімен «Дәстүрлі ислам сөзінің кең мағынасы» атты лекция өтті. Оған өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты түзеу мекемесінің қызметкерлері, теологтар және насихат тобының өкілдері арнайы қатысты.
Жалпы, бұл лекцияның басты мақсаты - діни кереғар ағымның жетегіне ілескен жазасын түзеу мекемесінде өтеп жатқан азаматтардың діни көзқарасын, ұстанымын өзгерту, зайырлы қоғамға қайта оралуына ықпал жасау үшін түзеу мекемесіндегі қызметкерлерді діни білім тұрғысынан қаруландыру. Жасыратыны жоқ, бұл күнде діни теріс ағымға еріп, қоғам қауіпсіздігіне қатер төндіргендер оқшаулау камераларында жазасын өтеп жатыр. Ал осы тұста дәл осындай лекция, семинар-тренингтердің маңызы зор екендігі айтпаса да түсінікті.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Байденге шамадан тыс демалғаны үшін айып тағылды
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда 8 мәдениет нысаны ел игілігіне беріледі
- авторМағжан Орынбасар
- 14 қараша, 2024