Жамбыл жаңалықтар

«Терезеден кірген»: Тойға дайындалған қазы мен тойбастарды ұрлаған азамат ұсталды

Ол бұдан басқа әшекей бұйым секілді құнды заттарды қолды қылған

Жамбыл облысында тойға дайындалған қазы мен тойбастарды ұрлаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Меркі ауданында полиция қызметкерлері ұрлық жасаған күдіктіні анықтады.  Ер адам тұрғын үйлерге заңсыз кіріп, алтын әшекейлер, ноутбук және басқа да құнды заттарды қолды қылған.

Сондай-ақ басқа үйдің қоймасынан азық-түлік, соның ішінде қонаққа дайындалған қазы, тойбастар сыйлықтарын және өзге де заттарды алып кеткен.