Жамбыл жаңалықтар

TikTok-та балаларға шектеу қойылмақ

TikTok-та балаларға шектеу қойылмақ

Бұдан бұлай 18 жасқа дейінгі балалар желіде күніне 60 минут отыра алады. Рұқсат етілген лимит аяқталған соң, яғни 1 сағаттан кейін жасөспірімдер арнайы құпиясөз енгізуі тиіс. Ал 13 жасқа дейінгі балаларға ата-анасы құпиясөзді енгізгеннен кейін қосымша 30 минут пайдалануға рұқсат беріледі. TikTok бұл функцияны жақын арада енгізуді жоспарлап отыр.