Жамбыл жаңалықтар

Жамбыл облысында 6,5 миллион қорап темекі мен 174 мың вейп тәркіленді

Аталған фактілер бойынша 23 қылмыстық іс тіркелген

Экономикалық тергеп-тексеру департаментің өкілі Жағыпар Исатаев  мәлім еткендей, былтыр Жамбыл облысында құны 5 млрд теңгеден асатын өнімдер, атап айтсақ,  6,5 миллион қорап темекі мен 174 мың вейп заңсыз айналымнан алынған, деп хабарлайды jambylinfo.kz

Баспасөз брифингінде Жағыпар Исатаев мәлім еткендей, көлеңкелі кәсіп айналымынан алынған тауарлар бойынша 23 қылмыстық іс тіркеліп, 15 іс сотқа жолданған. Қазіргі таңда 5 факті бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. Айта кетерлігі, темекі өнімдері Қырғызстаннан шекара арқылы өткен. 

Дереккөзге сүйенсек, Тараз қаласы бойынша жүргізілген 75  тексеріс кезінде 1млн 360 мың қорап темекі тәркіленген. Айта кететіні, заңсыз контрафактілі тауарлардың басым бөлігі теміржол тасымалы арқылы келеді. 

Сондай-ақ 2022 жылы департамент қызметкерлері алкоголь өнімдерін шығаратын жерасты цехын анықталған.  Бұл цехта жалған тіркеу-бақылау маркалары бар 20 мыңнан астам бөтелке суррогат спирті тәркіленген. Бұдан бөлек, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 99 642 бөтелке немесе 41 634 литр алкогольдік өнімдер анықталған. Департамент өкілінің айтуынша, бұл өнімдер тұтынушылардың денсаулығына орасан қауіп төндіреді.