жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 22:44

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тоқаев: Халықты, жастарды жұмыспен қамту аса маңызды міндет

Тоқаев: Халықты, жастарды жұмыспен қамту аса маңызды міндет
ашық дереккөзі
Тоқаев: Халықты, жастарды жұмыспен қамту аса маңызды міндет
Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы азаматтарға қолдау көрсетеміз. Мүмкіндігі шектеулі жандарға да көмектесеміз» - деп атап өтті. Сондай-ақ әр жолдауында жастардың жұмыспен қамтылуы да назардан тыс қалған емес. Осы орайда біз Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы, Жауынбекова Гүлдана Әлімжанқызы облыстағы жастардың жұмыспен қамтылу мен басқармаға қарасты мәселелер жөнінде тілдестік. Басқарма басшысының айтуы бойынша 1 желтоқсанда Тараз қаласында 110 балаға арналған «Аутизмі бар балаларды қолдау орталығын» ашуды жоспарлап отыр екен. Мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мемлекеттің қастерлі борышы және әлеуметтік саясаттың басым бағыттарының бірі. Бұл бағытта облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (ары қарай - Басқарма) тарапынан бірқатар жұмыстар атқарылуда. Басқарма жұмысының негізгі бағыттарының бірі - мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік оңалту шараларымен қамтамасыз ету. Бүгінге облыс көлемінде 45 601 мүгедектігі бар адам тіркелген   (о.і. 1-ші топтағы – 4361 адам, 2-ші топ - 16794, 3-ші топ - 17622 адам, 18 жасқа дейінгі мүгедектер саны – 6824 адам). Яғни, облыс халқының жалпы санына шаққанда 3,7%-ын құрайды. Бұл санаттағы азаматтарымыздың тыныс-тіршілігінің шектелуін жеңіп шығуы үшін жағдай туғызуға, олардың әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге, әлеуметтік-тұрмыстық ортаға бейімделуіне бағытталған шаралар кешені жүзеге асырылуда. Бұған қоса, мүгедектігі бар адамдарды арнайы оңалту құралдарымен қамтамасыз ету шаралары жүргізілуде. Бұл құралдар өзін-өзі қарап-күтуіне, өз бетімен өмір сүру мүмкіндігіне қол жеткізуіне немесе олардың отбасылық және қоғамдық өмірдің үйреншікті жағдайларына қайта оралуына жағдай жасайды. Арнайы оңалту құралдарымен және  арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз ету жұмыстары бүгінгі таңда автоматтандырылған түрде «Әлеуметтік қызметтер порталы ақпараттық жүйесі» арқылы жүргізеге асуда. Жалпы,  әлеуметтік қызметтер порталы мүгедектігі бар адамдарға тікелей жеткізушілерден оңалту құралдары мен қызметтерін дербес сатып алу мүмкіндігін беретін автоматтандырылған жүйе. Осы портал арқылы техникалық оңалту құралдарының барлық түріне және мемлекеттік мекемелердің арнаулы әлеуметтік қызметтеріне тапсырыс бере алады. Әлеуметтік қызметтер порталы оңалту құралдары мен қызметтеріне тең қолжетімділікті, үйден отырып «бір терезе» қағидаты арқылы уақытылы әлеуметтік көмек көрсетуді қамтамасыз етеді. Жеке қажеттіліктерді, жеткізушілер, әлеуметтік қызметкерлер мен мамандар туралы мәліметтерді есепке алады. Бұл, адал бәсекелестікті арттырып, әлеуетті өнім берушілердің оңалту құралдары мен қызметтерін іске асыруға қатысуының ашықтығына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Яғни, мүгедектігі бар адамдар өзінің жеке оңалту бағдарламасында көрсетілген оңалту құралдары мен қызмет түрлерін электронды форматта дербес өзі қалаған өнім берушіден ерікті түрде таңдай алады деген сөз. Үстіміздегі жылы мүгедектігі бар адамдардың жеке абилитациялау және оңалту бағдарламаларына (сурдо-тифло құралдар, санаторлық-курорттық және протез-ортопедиялық бұйымдар, кресло-арбалар) бюджеттен 3,4 млрд.теңге қаржы бөлінген (РБ – 1,7 млрд.тг., ОБ – 1,7 млрд.тг.). Өткен жылы 1,9 млрд.теңге қарастырылған болатын. Сонымен қатар, әлеуметтік қызметтерге (жеке көмекші қызметі,  ымдау тілі маманы, үйде көмек және гигиеналық құралдар бойынша) 2,1 млрд.теңге бөлінді (2022 ж- 1,5 млрд.теңге). 10 айда әлеуметтік қызметтер ұсыну порталында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жеке оңалту бағдарламаларының орындалуы 93%-ды құрап отыр (өңірлер арасында 1-орын, орташа көрсеткіш – 84,7%). Яғни, порталға тіркелген 24 719 өтініштің, 22 967-сі қанағаттандырылды. Ал енді нақты атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтейін, жоғарыда айтылғандай өңірімізде жалпы 45 601 мүгедектігі бар адам бар болса, оның 6 824-і балалар. Өкінішке орай, ресми ақпаратқа сүйенетін болсақ, бұл санаттағы балалардың саны жылдан жылға артуда. Олардың 2 мыңы тірек қимыл аппараттары бұзылған және жүйке ауытқулары бар балалар болып тіркелген. Өткен жылы басқармаға қарасты 12 медициналық-әлеуметтік мекемелерде 1 291 адамға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді. Атап айтсақ, 3 стационар жағдайындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында 755 мүгедектігі бар адамға, 9 жартылай стационар жағдайында мүгедектігі бар адамдарды және балаларды оңалту және бейімдеу орталықтарында 536 азаматқа қызметтер ұсынылды. Бұл бағыттағы жұмыстар ағымдағы жылы да өз деңгейінде жалғастыруда, қазіргі кезеңде 1 578 адам қызмет алды. Мемлекетіміздің қолдауының нәтижесінде соңғы жылдары арнаулы әлеуметтік қызметтердің көлемі мен сапасын жақсарту мақсатында қызметтерді ұсынатын мекемелердің желісін дамыту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылы Сарысу ауданында сыйымдылығы  25 орындық мүгедектігі бар балаларды оңалту және бейімдеу орталығы ашылса, Тараз қаласында 150 орындық оңалту және бейімдеу орталығының құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді (сметалық құны - 5,5 млрд.тг.). Өздеріңіз білетіндей ағымдағы жылдың 6 қазанында орталықтың ашылу салтанаты өтті. Бүгінге онда 110 азамат қызмет алуда. Ерекшелігі барлық жаңа технологиялар енгізілген, заманауй талаптарға сай түрлі жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бассейн, арнайы ванналар, спорт зал, мәдени іс-шаралар өтетін акт залы бар. Онда еңбек терапиясының көптеген түрлері қарастырылған. Мысалы; тігу, тоқу, дәнді дақылдармен сурет салу, ағашпен ұсталық жұмыстар жасау, өзіне -өзі қызмет жасау бөлмелерімен жабдықталған. Сонымен қатар, 1 желтоқсанда Тараз қаласында 110 балаға арналған «Аутизмі бар балаларды қолдау орталығын» ашуды жоспарлап отырмыз. Ғимарат толық жөндеуден өтті, «Қамқорлық» қорының қолдауымен қажетті жабдықтармен толық жабдықталып отыр. Бұл орталық аутизмі және басқа да психикалық бұзылыстары бар балаларға әлеуметтік проблемаларды шешуге жағдай жасайтын және олардың басқа азаматтармен тең дәрежеде қоғам өміріне қатысуына мүмкіндіктер жасауға бағытталған қызметтер кешенін ұсынатын болады. Келесі кезекте, Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің ұйымдастыруымен 14 бөлімше және 1 бөлімшеден тыс қызметі тарапынан үйде қызмет көрсету жағдайында 711 мүгедектігі бар (о.і. ересектер – 202, балалар – 509) азаматқа және балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынылуда. Мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік қорғау бағытында  үкіметтік емес ұйымдардың да атқарып отырған жұмыстары ерекше. Олар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында қызметтерін ұйымдастыруда. Бүгінге мүгедектігі бар азаматтар мен балаларды оңалту және бейімдеу мақсатында 11 күндіз болу жағдайында орталықтары ашылып, 320 ересектер мен балаларға және 16 үйде қызмет көрсету бөлімшелерінде  438 азаматқа арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынылуда. Басқарма жұмысының тағы бір негізгі бағыты – жұмыспен қамту. Ерекше жандарға табыс табуда тең мүмкіндіктер жасаудың басты шарттарының бірі - оларды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту. Жергілікті атқарушы органдар еңбек қызметі үшін медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар үшін кәсіпорындардағы жұмыс орындары санының 2-4 пайызға дейінгі мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгілейді. Квотаны жергілікті атқарушы органдар жұмыскерлердің мынадай тізімдік саны бар ұйымдарға: - 50-100 адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының 2% мөлшерінде; - 101- 250 адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының 3%, - 251 адамнан аса – жұмыскерлердің тізімдік санының 4% мөлшерінде белгілейді.  Әкімдер қаулыларымен ағымдағы жылға 51 мекемеде  86 орынға квота аясында жұмыс орындары белгіленіп, бүгінге 68 мүгедектігі бар азамат жұмысқа орналасты. Бұған қоса, 10 айда 3 024 мүгедектігі бар азамат жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. Олардың 726-ы тұрақты жұмыспен қамтылса, 508-і ақылы қоғамдық жұмыстарға, 18-і әлеуметтік жұмыс орындарына, 45 азамат жастар практикасы бойынша жұмысқа жолданды. «Алғашқы жұмыс орны» жобасына 15 азамат, «Күміс жас» жобасымен 43 азамат қамтылды. Онлайн оқыту курстарына 77 азамат жолданып,  «Бастау бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне 1 270 азамат оқудан өтсе, кәсіптік оқыту курстарына 53 азамат жолданды. 269 азамат жеке кәсібін ашуға грант алды. Мүгедектігі бар азаматтардың мәселелерін шешуді қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімінің және Тараз қаласы мен аудан әкімдері жанынан мүгедектігі бар азаматтар қатарынан штаттан тыс кеңесшілер тағайындалып, жұмыс атқаруда. Келесі кезекте, мүгедектігі бар адамдарға қолайлы жағдай жасау бағытында «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасымен бекітілген «Жол картасының» 84-тармағына сәйкес жыл соңына дейін стандарттарға сәйкес келетін бейімделген объектілердің үлесі 60%-ды құрауы тиіс болатын. Осыған байланысты 2021-2025 жылдары 1295 нысанды бейімдеу белгіленген, осы жылы Тараз қаласы мен аудандарда 259 нысанды бейімдеу жоспарланып отыр, мұнда пандус, поручень, тактилді жол, арнайы әжетханалар қарастырылған. 10 айда 141 нысанда бейімдеу жұмыстары толығымен аяқталды. Жалпы 172 нысанға 182,3 млн.теңге қаржы бөлінген. Жалпы өңірде Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін, сайлауалды бағдарламаларын және ерекше жандарға қоғамда тең мүмкіндіктер жасау саясатын жүзеге асыру бағытында тиісті жұмыстар атқаратын боламыз.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар